26
март
2021
«Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» атты интеллектуалды сайыс өткізілді
25.03.2021 жылы гимназия қабырғасында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен Әз Наурыз мерекесіне орай 8-10 сынып оқушылары арасында «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат» атты интеллектуалды сайыс өткізілді. Сайысты өткізудегі негізгі мақсат - оқушыларды ізгілікке, адамгершілікке, кішіпейілдікке тәрбиелеу, халқымыздың салт-дәстүрлерін дәріптеуге, қастерлеуге үйрету, сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру.
Сайысқа жалпы 13 оқушы қатысып, 8 оқушы келесі кезеңге іріктеліп алынды.
Сайыс мынадай кезеңдерден тұрды:
1-кезең «Кім жүйрік?» іріктеу кезеңі;
2- кезең «Салт-дәстүріңді білесің бе?»;
3- кезең «Сөздің көркі-мақал»;
4- кезең «Сандар сыры».
Сайыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды Айтмаханова Арайлым, Байбала Еңлік, Берік Аружан иеленсе, ІІ орынды Қылышбай Жания, Карим Гүлім иеленді. Жүлделі І орынды Мелдеханова Жанель иеленді. Белсенділік танытқан оқушыларға да марапаттау қағазы табысталды. Мереке қарсаңында салт-дәстүріміздің жаңғыруына оқушылар да өз үлесін қосты. Ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрімізді құрметтеп, насихаттау – әрбір жас ұрпақтың міндеті.