16
апрель
2021
"Алтын қазына" атты байқау нәтижелері
Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен оқушылар сарайында 12-16 сәуір аралығында бейнелеу өнері және сәндік қолданбалы өнер туындыларынан "Алтын қазына" атты байқау ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты: оқушыларға шығармашылық шабыт беріп, өнерге, ұлттық қазынамызды жаңғыртуға рухани тәрбие беру. Біздің гимназия оқушылары да аталған байқауға қатысып, ағаш өндеу, кесте, папье-маше, зергерлік бұйым, мүсін жасау жұмыстарымен көзге түсіп, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, Қаржаубай Ерсұлтан "Мерген" туындысымен 1- орын, жетекшісі Қармсақова Д.А., Қаржаубай Даяна, Амангелді Айлин "Менің елім" атты туындыларымен 2-орын , жетекшісі Мухашева Ж. Б., Назаралиев Дамир «Нәзік» туындысымен 3-орын, жетекшісі Қарымсақова Д. А., Ермахан Бейбарыс, Дастанбаев Диас «Алма ағашы» туындыларымен 3- орын иеленді, жетекшісі Акимбекова К. А. Оқушыларымызды және жетекшілерін қала деңгейінде көрсеткен жетістіктері үшін құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз.