Коммунальное госудасртвенное учреждение
«Гимназия №15»
Управления образования города Алматы
+7(727) 248-63-35
+7(727) 248-42-88
+7(727) 248-51-80
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
» » Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі
07
июнь
2021

Бірінші сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізіледі

ЕГЕР  БИЫЛБАЛАҢЫЗДЫ  МЕКТЕПКЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА

БЕРУДІЖОСПАРЛАСАҢЫЗОНДА СІЗГЕ БІРНЕШЕ ЕРЕЖЕЛЕРДІ БІЛГЕНІҢІЗ ЖӨН:


Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау Егов порталы арқылы жүзеге асырылады

Өтінімді жіберу үшін барлық   қажетті мәліметтер

  • Бала туралы мәлімет (фамилиясы; аты; әкесінің аты; жынысы; туған жылы; туу туралы куәлік; ЖСН; тұратын мекенжайы)
  • Өтініш беруші туралы мәлімет (өтініш берушінің фамилиясы, аты, әкесінің аты; өкілдің статусы, телефоны; үй/мобильді)
  • Өтінішті тек заңды өкіл (анасы, әкесі, қамқоршысы) бере алады. Он төрт жасқа толмаған (кәмелетке толмағандар) немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жері олардың заңды өкілдерінің тұрғылықты жері болып табылады.

Орта білім беру ұйымына қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімін электронды түрде өткізген соң 3 күн ішінде тапсыру тиіс:

  • көрсетілетін қызметті алушының заңды өкілдерінің өтініші
  • өтініш берушінің (заңды өкілдің) жеке басын куәландыратын құжат
  • көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің (көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігінің) көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады);
  • 3х4 см өлшеміндегі фотосурет – 2 дана
  • денсаулығы туралы № 026/у-3 нысанындағы анықтама
  • денсаулығы туралы № 063/у нысанындағы анықтама


 
Көрсетілетін қызметті алушылар – шетелдік және азаматтығы жоқ тұлғалар өздерінің мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар мынадай құжаттардың бірін ұсынады:

  • шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты және көші-қон картасы;
  • азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқтығы көрсетілген куәлік;
  • босқын – босқын куәлігі;
  • пана іздеуші – пана іздеуші адамның куәлігі;
  • оралман – оралман куәлігі.
  • Қызмет көрсету мерзімдері


    Баланы орта білім беру ұйымына бірінші сыныпқа қабылдау туралы өтініш ағымдағы жылдың 1 маусымынан 20 тамызына дейін беріледі.


    Қызмет көрсету нәтижесі

    Баланы бірінші сыныпқа қабылдау немесе орта білім беру ұйымына қабылдаудан бас тарту

    Нормативтік құжаттар



  • Көрсетілетін қызметті алуға кімдер жүгіне алады?

    • Алматы қаласы аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебі жөніндегі органда тіркелген азаматтар
    • ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде баланың жасы 6 жасқа толған жағдайда 








  • Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 Қаулысы

          Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
           1. Қоса беріліп отырған Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі 
    қағидалары бекітілсін.
           2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

          Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

    Қазақстан Республикасы
     Үкіметінің
     2012 жылғы 19 қаңтардағы
     № 127 қаулысымен
     бекітілген

    Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары

    1. Жалпы ережелер

          1. Осы Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы»  2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.

          2. Білім беру ұйымдары оқуға қабылдауды Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Қағидаларға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ олардың негізінде әзірленген білім беру ұйымдарының жарғыларына сәйкес жүзеге асырады.
           3. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алу жағдайын қамтамасыз ету үшін оларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау заңды өкілдерінің келісімімен педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның (ПМПК) қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.


    2. Бастауыш білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібі


          4. Бастауыш білім беру ұйымдары даярлық деңгейіне қарамастан, кезекті оқу жылының 1 қыркүйегіне дейін білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумақтарындағы алты (жеті) жасқа толған барлық балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді.
           Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет:
           1) баланың заңды өкілдерінен өтініш;
           2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
           3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (медициналық паспорт);
           4) тұратын жерінен анықтама немесе тұратын жерін растайтын басқа құжат;
           5) 3x4 көлеміндегі фото — 2 дана.
           Бастауыш білім беру ұйымының бірінші сыныбына баратын балалардың заңды өкілдерінен өтініш қабылдау ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 30 тамызы аралығында жүргізіледі.
           5. Бастауыш білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау кезінде басшылар оқуға келушілерді, олардың заңды өкілдерін осы Қағидалармен, жарғымен және білім беру процесін ұйымдастыруды регламенттейтін басқа да құжаттармен таныстырады.
           6. Бастауыш білім беру ұйымының бірінші сыныбына қабылдау кезінде емтихандар, тестілеулер, сынақтар, конкурстар жүргізілмейді.
           Мектепке дейінгі мекемелерде болмаған немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар үшін білім беру ұйымдары оқу жылы басталғанға дейін даярлық курстарын ұйымдастырады.
           7. Білім алушылар қатарына қабылдау білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде жүргізіледі.
           8. Сыныптарды даярлық деңгейі және даму дәрежесі бойынша жасақтауға рұқсат етілмейді. Бұл ретте сыныптағы шекті сыйымдылық 25 білім алушыдан аспайды.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: