02
апрель
2022
1 сыныпқа қабылдау 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында өтеді
Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау Егов порталы арқылы жүзеге асырылады
Өтінімді жіберу үшін барлық қажетті мәліметтер
- Бала туралы мәлімет (фамилиясы; аты; әкесінің аты; жынысы; туған жылы; туу туралы куәлік; ЖСН; тұратын мекенжайы)
- Өтініш беруші туралы мәлімет (өтініш берушінің фамилиясы, аты, әкесінің аты; өкілдің статусы, телефоны; үй/мобильді)
- Өтінішті тек заңды өкіл (анасы, әкесі, қамқоршысы) бере алады. Он төрт жасқа толмаған (кәмелетке толмағандар) немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жері олардың заңды өкілдерінің тұрғылықты жері болып табылады.
Орта білім беру ұйымына қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі:
- көрсетілетін қызметті алушының заңды өкілдерінің өтініші
- өтініш берушінің (заңды өкілдің) жеке басын куәландыратын құжат
- көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің (көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігінің) көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады);
- 3х4 см өлшеміндегі фотосурет – 2 дана
- денсаулығы туралы № 026/у-3 нысанындағы анықтама
- денсаулығы туралы № 063/у нысанындағы анықтама
Көрсетілетін қызметті алушылар – шетелдік және азаматтығы жоқ тұлғалар өздерінің мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар мынадай құжаттардың бірін ұсынады:
- шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты және көші-қон картасы;
- азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқтығы көрсетілген куәлік;
- босқын – босқын куәлігі;
- пана іздеуші – пана іздеуші адамның куәлігі;
- оралман – оралман куәлігі.
Қызмет көрсету мерзімдері
Баланы орта білім беру ұйымына бірінші сыныпқа қабылдау туралы өтініш ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін беріледі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Баланы бірінші сыныпқа қабылдау немесе орта білім беру ұйымына қабылдаудан бас тарту
Нормативтік құжаттар
Көрсетілетін қызметті алуға кімдер жүгіне алады?
- Алматы қаласы аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебі жөніндегі органда тіркелген азаматтар
- ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде баланың жасы 6 жасқа толған жағдайда